• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің бұйрығы №38

272 рет
көрсетілді

2013 жылғы 28 тамыз,  Астана қаласыЖүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (А.Т.Жуанышпаева) Агенттіктің Кадрлық қамтамасыз ету басқармасымен (Ж.А.Нукушева) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және оның ресми жариялануы мен Агенттіктің ресми сайтында орналасуын қамтамасыз етсін.3. Агенттіктің Кадрлық қамтамасыз ету басқармасы (Ж.А.Нукушева) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоаралық мекемелеріне жеткізсін.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысы Т.Т. Исмаиловқа жүктелсін.5. Осы бұйрық 2013 жылдың 25 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. Төраға                   Қ.ЛАМА ШАРИФ.

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 28 тамыздағы №38 бұйрығымен бекітілген

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті жәнежеткілікті дербес деректердің тізбесі

№р/с    Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы1.    Нәсілдік және ұлттық тиесілігі2.    Жеке істегі дербес деректер субъектісінің суреті3.    Жеке іс иесінің суреті және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі4.    Тегі, аты, әкесінің аты5.    Тегі, аты, әкесінің атын ауыстару туралы мәліметтер6.    Қолтаңба 7.    Туған күнi, айы, жылы 8.    Туған жері 9.    Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың қолдану мерзімі, құжатты берген орган10.    Азаматтылығы 11.    Тұрғылықты мекен-жайы12.    Электронды поштаның мекен-жайы13.    Байланыс телефонының нөмірі 14.    Отбасылық жағдайы15.    Мінездеме 16.    Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) 17.    Еңбек кітапшаларының нөмірі, сериясы, күні және ондағы жазбалар18.    Жеке құрам және ондағы материалдарға байланысты жарлықтардың түпнұсқасы мен көшірмесінде көрсетілген мәліметтер19.    Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрмет және әлеуметтік атақтар, көтермелеу (награданың атауы немесе аталуы, атақ немесе көтермелеу, наградтау туралы нормативті актінің түрі және күні, немесе көтермелеу күні) туралы мәліметтер20.    Аттестацияға байланысты материалдар21.    Ішкі қызметтік тексеру бойынша материалдар22.    Ауыруының жоқтығы жөнінде бекітілген формадағы медициналық қорытынды23.    Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәлімет24.    Еңбек қызметі туралы мәліметтер (ағымдағы уақытқа мекеме және оның атауы, құрылымдық бөлімі, лауазымы толық көрсетілген еңбек қызметі туралы деректер, жалпы және үздіксіз еңбек өтілі, мекен-жайы мен телефондары, сонымен қатар бұрын атқарған лауазымының толық атауы көрсетілген басқа мекемелердің деректемелері және осы мекемелердегі жұмыс уақыты) 25.    Білімі, біліктілігі және арнайы білімінің бар болуы немесе арнайы дайындықтары туралы мәліметтер (білім беретін мекемелерді бітіргені туралы дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, сонымен қатар білім беретін мекеменің атауы және орналасқан жері, факультеті немесе бөлімшесі, білім беретін мекемені бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы шет тілдерін білуі)26.    Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер (білім беретін мекеменің атауы және орналасқан жері, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың берілген күні, нөмірі, сериясы, білім беретін мекемені бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы)27.    Жалақысы туралы мәліметтер28.    Әскери қызметке шақыруға жататын, әскери міндетті тұлғаларды әскери есепке алу туралы мәліметтер (әскери билетті берген органның атауы, берілген күні, нөмірі, сериясы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке алу/шығару туралы деректер)29.    Отбасы жағдайы туралы мәліметтер (некеде тұруы, неке қию туралы куәліктің деректері, ерлі-зайыптының тегі, аты, әкесінің аты, ерлі-зайыптының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері, асыранды, отбасының басқа мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туыстық дәрежесі, балалардың бар болуы және олардың жасы)30.    Соттылығының болуы (болмауы) 31.    Әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер32.    Банктің карточкалық базасындағы ағымдағы шот туралы мәліметтер33.    Заңды мекен-жайы, заңды мекен-жайды тіркеу күні (тіркеуден алу), қызмет түрі34.    Азаматтық-құқықтық шарттардың, қызметтік келісім-шарттардың мазмұны және деректемелері35.    Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебе беру үшін негіз болатын құжатты берген органның атауы, берілген күні, нөмірі, сериясы).

––––––––––––––––Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 1 қазанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8748 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар