• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Ұлттық баспасөзіміздің биік бір шынары

304 рет
көрсетілді

Өмірдің қандай бір саласы болмасын, барлығын қамтып, ғылымға, өнерге, мәдениет пен әдебиетке толыққанды ұғым, табиғи сипатпен баға беріп отырған басылым – «Егемен Қазақстан». Ол – ұлттық баспасөзіміздің биік бір шынары. Газеттің әлемдік саяси қатынастардан бастап, ел ішіндегі жылт еткен жаңалықтарды қамтып, оқырманына үлкен-үлкен дүниелерді талдап беріп отыратын еңбегін атап өту ләзім.

Қазақтың арқалы ақыны да, сұңғыла саясаткері де, тіпті бұрын жауапты қызметтер атқарған қариясы да қазір кітап шығарып жатыр.

Өнерде жүріп өткен жолымды саралап мен де уақыт аралатып деректі дүниелерімді шығарып тұрамын. Сонда таралымы аз ғана кітабымыз әрі кетсе 2-3 мың қазақтың қолына тиіп, соның көбісі еңбектерімізді тұшынып оқи да алмай қалады. Ал, «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатыңнан 200 мыңнан аса оқырман хабардар болады. Және сол оқырмандар хабарласып, сұхбатта айтқан ойыңа, келтірген пікірің мен жалпы өзіңнің жеке басыңа деген ниет-лепесін жеткізіп жатады. Бұл «Егемен Қазақстан» арқылы қазақтың қалың ішінде болу деген сөз.

Мен әрдайым бұл басылымдағы мақалаларға көңіл аударып отырамын. Өзімнің тұстастарым, өнердегі, өмірдегі замандастарым туралы портреттер мен естеліктерді осы газеттен табамын. Қазір ақпараттың алысқа кеткен, жаңа технологияның алға озған заманы ғой. Өмірдің осындай зулап жатқан ағысында әдеп пен ғұрыпты сақтап, тұрақтылықты сездіріп келе жатқан «Егемен Қазақстан» деп білемін. Әр шаңырақтан осы басылымды кездестіргенде көңіліме міне, жоғарыдағыдай сезім ұялайды.

Асанәлі ӘШІМОВ,

КСРО халық әртісі,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар