• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Біліктілікті арттыру басты міндет

565 рет
көрсетілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеу­меттік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуы­ның басты бағыты» Жолдауында берілген тапсырманы орындау мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық ор­талығы» акционерлік қоғамы құрылған болатын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеу­меттік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуы­ның басты бағыты» Жолдауында берілген тапсырманы орындау мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық ор­талығы» акционерлік қоғамы құрылған болатын.

Орталық құрылғаннан бергі бір жылда филиалдарды қаржы­лан­дыру көлемі бірнеше есеге артып, материалдық-техникалық база түгелдей жаңартылды, кадр­лық әлеуеті күшейтілді. Осы уақыт ішінде «Өрлеу» филиал­дары өзара тәжірибе алмасып, ортақ стратегиялық даму бағ­дар­ларын айқындауға, сол арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдірді. 

Тәжірибелі ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Ахметова жетекшілік ететін «Өрлеу» АҚ ортамерзімдік перспективаларды анықтау мақ­сатында «Білім туралы» Заңның және білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қағи­даттарына сәйкес, 2012-2016 жыл­дарға арналған стратегиялық іс-қимыл жоспарын жасады. Ал орта­лықтың Қарағанды филиалы өз қыз­метін осы жоспарға байланыс­ты ұйымдастырып отыр.

«Өрлеу» АҚ филиалы, болып табылатын Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мем­лекеттік тапсырыс бойынша үш бағытта педагогтардың білік­ті­лігін арттырады: Олар – екі апта­лық қысқа мерзімді, Кембридж уни­верситетінің қатысуымен жасалған деңгейлік, электрондық оқыту жүйе­сін (E-learning) енгізу бойынша пе­дагогтардың біліктілікті арттыру курстары.

Бүгінгі таңда оқытушылардың 28%-ы ғылыми дәрежелі мамандар (оның ішінде 1 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 3 доцент). Мамандарымызға үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, түрлі ғылыми конферен­циялар мен семинарларға, вебинарларға қатысу арқылы кәсіби және тұлғалық дамуы үшін қажетті жағ­дай жасалып отыр. Кейінгі жарты жылдың ішінде филиалдың 40-тан астам оқытушысы мен қызметкері халықаралық конференцияларға, семинарларға қатысты. Ал екі оқытушы шетелдің (Оңтүстік Корея, Сингапур), 25-і Қазақстанның (Ас­тана, Алматы, Ақтөбе, Көк­шетау, Қостанай қалалары) ғылыми, бі­лім беру орталықтарында тағы­лым­дамадан өтті. Жыл аяғына дейін тағы 13 оқытушы Англияның, Фран­цияның, Ресейдің, Оңтүстік Кореяның және Австралияның же­текші білім беру ұйымдарында біліктіліктерін жетілдірмек. 12 жас маманның биылғы жылы магис­­тратура арқылы білімін жал­ғас­тыруға мүмкіндік алуы – олардың өз кәсіби деңгейін өсіруге мүдделі екендігін көрсетеді.

Мұғалімдерді өмір ағымынан қал­дырмай, қоғам сұра­нысына сәй­кес білімін жетілдіретін «Өрлеу» АҚ мен оның филиалы – Қараған­ды институтында Елбасы жолдауларында айтылған тапсырмалар мен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі басым­дықтарын жүзеге асыруда жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы осындай.

Сәулеш МҰҚАНОВА,

«Өрлеу» АҚ филиалы – Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

Айдос МҰҚАТАЕВ,

директордың орынбасары,

педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент.

Соңғы жаңалықтар