• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 16 Желтоқсан, 2020

Отандық маманға сенім артамыз

135 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан құрамасын қазақстандық танымал маман Талғат Байсуфинов жаттықтыратын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

52 жастағы Талғат Маруаұлы – Павлодар футбол мектебінің түлегі. Спорттық карьерасында ол КСРО және Қазақстан клубтарында доп теуіп, 2003 жылы бапкерлік қызметін бастады. Сөйтіп әр жылдары Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында жұмыс істеді. 2010 жылы «Ертіс» клубымен Қазақстан чемпионатының қола, 2012 жылы күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ 2015 жылы «Ақжайық» командасымен Бірінші лиганың бас жүлдесін жеңіп алған.

Талғат Байсуфинов бұған дейін де, яғни 2016-2017 жылдары ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын. Осы уақыт аралығында ол 8 ойын өткізіп, екі рет жеңіске жетіп, 3 мәрте тең түскен. Үш матч жеңіліспен аяқталған. Байсуфинов ұлттық құраманы басқарған кезде Қазақстан ФИФА рейтингінде 83-орынға дейін көтерілген болатын. Келесі көктемде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирін бастайды.