• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2020

Талдықорған тұрғындары Тәуелсіздік күнін Ту іліп тойлауда

179 рет
көрсетілді

«Менің туым. Менің Отаным!»  атты республикалық челенжді Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйдің тұрғындары да қолдап, балкондарына Қазақстанның Туын іліп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, шектеу шаралары мен мәдени-көпшілік іс – шараларды өткізуге тыйым салынғандықтан тұрғындар Тәуелсіздік күнін атап өтуге өзінше үлес қосуда. «Менің туым. Менің Отаным!»  атты челенждіне алғашқы болып қаладағы 8-шағын ауданның тұрғындары үн қатты. Бүгін таңертең қаладағы ең биік ғимарат саналатын 16 қабатты тұрғын үйдің қасбеті еліміздің байрағына көмкеріліп тұрды.

- Мен осы ықшам  ауданның тұрғынымен. Мойын созып қарағанда көк туымыз көзіме оттай басылды. Өте әдемі көрінеді. Біз әрқашан Тәуелсіздік күні мен мемлекеттік рәміздерге ерекше мән беруге тиіспіз деп санаймын. Ал мұндай челендждер Тәуелсіздіктің қастерлі үғым екенін түсінуге көмектеседі, - дейді қала тұрғыны Аяужан Болат.