• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздікке тарту: бүгін Жетісуда 150 нәресте жарық дүниеге келді

471 рет
көрсетілді

Тұтас ел Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатқанда Жетісуда 150 нәресте жарық дүние есігін ашты. Енді олар туу туралы куәлігіне жазылған атаулы күн – 16 желтоқсанды жыл сайын ұлық мерекемен қатар тойлайтын болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Сүйінерлігі, биыл Алматы облысында жас босанған ана саны артқан. Өткен жылы 40 мыңға жуық отбасында іңгәлаған бала үні естілсе, қазірге дейінгі туған сәби саны 50 мыңға жуықтап қалыпты. Ал Тәуелсіздік күні дүниеге келген бала саны жөнінен Талдықорған қаласы мен Сарқан ауданын топ бастады. Облыс орталығы мен аталған ауданда тәулік ішінде кіндігі кесілген бала саны оншақты екен. Жалпы, облыстағы демографиялық өсімге Талдықорғандағы облыстық перзентханада туған нәресте саны ерекше үлес қосып келеді. Яғни, облыстық перинаталды орталықта жыл сайын 7 мыңға жуық ана босанады екен. Ал жыл басынан бері осы перзентханда 6050 сәби өмірге келген. Оның ішіндегі 10 сәбидің кіндігі 16 желтоқсанда кесілді. Сондай-ақ, 16 желтоқсанда Ескелді, Кербұлақ, Іле, Қарасай аудандарыныңперзентханаларында босанған аналар қатары да көбейді.

-​Мен үшін күтпеген жағдай болды. Тура он алтысы күні босанамын деп ойламаппын. Өзім осы орталыққа порталмен келіп, жатқа недім. Баламның жарық дүниеге келуі осы мейрам күніне бұйырыпты. Қуанышымда шек жоқ. Шүкір, қазір 4 қыз, екі ұлым бар. Әкесі де, бауырлары да қатты қуанды. Енді біздің отбасы қос мерекені бірге атап өтетін болады,- дейді Сарқан ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Назгүл Ерғалива.

 

 

 

Алматы облысы