• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Жемқорлыққа қарсы жүйелі шаралар қажет

297 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Р.Түсіпбеков Мемлекет басшысын агенттіктің би­ыл­ғы 10 айдағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.

Кездесу барысында Нұр­сұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде еліміздің позициясы төмендегенін атап көрсетті.

– Рейтингтің нашарлауы бұл­ бағыттағы жұмыс қарқы­ны­ның төмендегенін немесе агент­тіктің қызметінде тиісті есеп жүргізілмейтінін білдіреді. Жер­гілікті жерлерде тұрғындар сыбайлас жемқорлықтың ахуалынан жақсы хабардар, солармен тығыз жұмыс істеу қажет. Оған қоса, бұл іспен «Нұр Отан» партиясының өкілдігі айналысуда, оларға мұндай фактілерді жұрт хабарлап отырады. Егер осындай ескертулер назардан тыс қалдырылмай, тексеріс жүргізіліп, іс соңына дейін жеткізілсе, онда бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты іс-қимыл болады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жем­қор­лықты жою үшін жалғыз агент­тіктің немесе құқық қор­ғау ор­ган­дарының күші жеткілік­сіз­ді­гін, жүйелі шаралар қажет екенін атап өтті.

– Жылдан-жылға эконо­ми­ка­лық, заңнамалық жағдайлар жақ­сара түсуде, тексерістер саны қысқаруда. Шенеуніктер мен тұр­ғындар арасында байланыс азайып, еңбекақы мөлшері артып келеді. Осының бәрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға ба­ғыт­талған. Көрсеткіштерді жасанды түрде көтерудің қажеті жоқ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар­лығы сезінетін, нағыз кү­рес жүр­гізілуі тиіс, – деді Нұр­сұлтан Назарбаев.

Агенттік төрағасы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мә­­селелері бойынша бірқатар ха­лық­аралық және қазақстандық қоғамдық ұйымдармен ынты­мақ­тас­тық туралы айтты және бұл жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

Р.Түсіпбеков агенттік өз жұмы­сы­ның бірқатар ба­ғыт­тары бойынша көрсет­кіш­тер­ді жақсартқанын да баяндады.

– Биылғы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 900 тұлғаға, сондай-ақ, мемлекеттік функ­цияларды орындауға уәкі­летті лауазымды тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты 1333 қыл­мыс­тық іс қозғалды. Соның ішінде, рес­публикалық және облыстық деңгейдегі 120-дан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Көлеңкелі экономика бойынша, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, біз алкогольдің, мұнайдың заңсыз айналымына, жалған кә­сіпорындарға қарсы күресті күшейт­тік. Жалпы, 4652 қылмыс анық­талды. Бүгінде осы жұмыстың бар­лығы нәтижесін беруде, – деді Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мә­селелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар