Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге грант беру нашар екендігі туралы сын-ескертпелер айтқаны мәлім. Бұл сынның өзі біздің жұмысымызға үлкен қозғаушы күш болды.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге грант беру нашар екендігі туралы сын-ескертпелер айтқаны мәлім. Бұл сынның өзі біздің жұмысымызға үлкен қозғаушы күш болды.
Негізі, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар 2012 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап берілуде. Алматы облысы бұл бағыттағы жұмыстарды алғашқылардың бірі болып «пилоттық» бағытта бастады. Гранттарды ұсыну ережесіне сай бір бастауыш кәсіпкер үшін гранттың сомасы 3 000 000 теңгеден аспауы тиіс. Былтырғы жылға гранттарды ұсыну үшін облысқа 42 млн.теңге бөлініп, бұл қаражат 100 пайызға игерілді. Гранттар агроөнеркәсіп кешенін дамытуына, азық-түлік өнімдерін шығаруға, туризм мен тігіншілік қызметтерді дамыту үшін 14 кәсіпкерге әрқайсысына 3 млн.теңгеден берілді. Ағымдағы жылға Алматы облысына 90 млн. теңге бөлініп, бұл қаражат 100 пайызға игерілді. Аталған бағдарламаны іс-жүзіне асыруға Қарасай, Жамбыл, Панфилов, Сарқан, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Ақсу, Ескелді аудандары мен Талдықорған және Қапшағай қалаларынан барлығы 27 үміткер қатысты.
Гранттарды ұсыну ережесіне сай ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге нысаналы гранттар экономиканың басым секторлары шеңберінде бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Ағымдағы жылда Алматы облысы республика көлемінде ең көп жоба қарастырып, гранттар ұсынғанын атап өту қажет. Нақтылай түссем, екі жылда Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 41 қатысушысына 132 млн. теңге көлемінде гранттар ұсынылып, берілді. Бұл әрекеттер Жетісу жерінде кәсіпкерлерге грант беру мәселесіне орай айтылған әділ сыннан қорытынды шығаруға жасалған талпыныстың бір парасы деп те түсінген жөн.
Нұрлан СЫДЫҚОВ,
Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары.