• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Сапа – басты назарда

273 рет
көрсетілді

Жаңа жолдар салу, күтіп ұстау, ескілерін жөндеу қашанда күн тәртібіндегі түйінді мәселе саналса, бүгінде маңыздылығы одан сайын зор. Қазіргі кезде автомобиль саны жедел өсуіне, ауыр жүк көтеретін, жоғары жылдамдықпен жүретін, жолаушылар тасымалдау, көліктер қатынасы ұлғая түсуіне байланыс­ты халықаралық стандарттарға сай болуы қажеттігі өмір өзі қойып отырған талап.

Жаңа жолдар салу, күтіп ұстау, ескілерін жөндеу қашанда күн тәртібіндегі түйінді мәселе саналса, бүгінде маңыздылығы одан сайын зор.Қазіргі кезде автомобиль саны жедел өсуіне, ауыр жүк көтеретін, жоғары жылдамдықпен жүретін, жолаушылар тасымалдау, көліктер қатынасы ұлғая түсуіне байланыс­ты халықаралық стандарттарға сай болуы қажеттігі өмір өзі қойып отырған талап. Бұл күрделі салада жетістіктермен бірге кемшіліктер де кездесуі жасырын  емес. Автомобиль жолдары жобаларының сапасыз салынуы, тиісті нормативтік құжаттардың ескіруі, жолды талапқа сәйкес салмаған мердігерлерді жауапкершілікке тарту шараларының жетімсіздігі сияқты іске оралғы жайлар баршылық. Алайда, жағымды өзгерістерге бетбұрыс оны бірте-бірте азайтып та келеді. Осы орайда, соңғы уақыттағы көрсеткіштер, мәселен, жақсы және қанағаттанарлық санаттағы жолдар бұдан үш жыл бұрын 65 пайызды құраса, биыл 75 пайызға көтерілді. Бұл уақыт аралығында жаңадан салынып, жөнделген 1424 шақырым жол жағдайы соған жауап бере алады.

Ағымдағы жылы республикалық және облыстық маңызы бар 750 шақырым жол лайықты қалыпқа келтірілді. Ең бастысы – сапалық деңгейін жақсарту алға қойылып отыр. Осыған орай облыста автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарының сапасын бессатылық жүйе бойынша бақылау, атап айтқанда, техникалық қадағалау қызметтерін көрсету мақсатында инженерлік қызметтерді, авторлық қадағалауды, «Қарағандыжоллаборатория» ММ тәуелсіз мемлекеттік зертханасын колдану жүргізіледі, әрбір жөнделетін жолға жауапты тапсырыс берушінің маманы бекітілді.

Атап өтерлік бір жайт, сала жұмыстары негізі­нен облыс жол-құрылыс индустриясы күшімен атқарылуда. Битумнан басқа қолданылатын барлық материалдар жергілікті кәсіпорындар өнімдері болып табылады. Биыл асфальттың жаңа түрі – қиыршық тасты мастикалық бетон кең қолданысқа енді. Сондай-ақ, өзіміздің металлогофралық құбырларды пайдалану үнемділікке, жеңіл тасымалдануға, аязға төзімділікке, құрастыруға жеңілдікке мүмкіндік беріп отыр. Тектұрмас кен орнында гранитті шығару ұлғайту және оны өңдейтін арнайы құрылғылар орнату арқылы гранитті бордюрлер толығымен қамтамасыз етілетін болды. Полимер материалдары зауыты бұған дейін облысымызда шығарылып көрілмеген жол блоктары мен конустарын өндіре бастады. Аталған бұйымдар қала ішінде, елді мекендерде, автомагистральдарда кеңінен пайдаланылады.

Осы жазда Астана – Қарағанды бағытындағы 4 жолақты жол құрылымының басталуы аймақ өміріне үлкен өзгерістер әкелгелі отыр. Еліміздегі тағы бір жаңа күретамырда құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде.

Бұл ретте Елбасының кеңейтілген Үкімет отырысында айтқан сын-ескертпелері мен тапсырмалары қатаң ескерілмек.

Мақсұт ҚОЖАНОВ,

Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі

және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар