Астана қаласының әкімдігі ұлттық пантеон ашуды жоспарлап отыр. Мұнда мемлекетіміздің қалыптасуына ықпал еткен ұлы тұлғалар жерленеді. Бұл туралы «Мегаполис» газеті жазды.
Үздік ұлттық пантеонға қатысты байқау биылғы жылдың 1 желтоқсанында жарияланған. Оның мерзімі келер жылдың 1 наурызында аяқталады. Жеңімпазға 7,5 млн. теңге беру жоспарланған. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл ақпардың растығын жоққа шығармады.
Пантеонға қойылатын басты талап- сәулетін жоғары деңгейде жасап шығару. Ол үшін сәулетшілердің біліктілігі сынға түскелі отыр. Ал әзірге оған кімнің қатысқаны туралы жергілікті билік нақты ақпарат берген жоқ. Сондықтан бұл тақырыпқа алдағы уақытта қайта оралатын боламыз.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «Мегаполис»