• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Желтоқсан, 2020

Қостанай облысында 70-ке жуық цифрлық жоба жүзеге асты

175 рет
көрсетілді

2020 жылы Қостанай облысында  жалпы құны 11 жарым млн теңге болатын 69 цифрлық жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пандемия басталғалы виртуалды түрде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің қатары көбейе түсті. Мұның сыртында, қоғамдық тамақтану нысандарының көбі WhatsApp және Instagram арқылы белсенді сауда жүргізе бастады.   Сарапшы мамандар электронды сауданың әлі де жалғаса беретінін айтады. Мысалы, «Баян сұлу» фабрикасында вафельді кәмпиттер мен шоколадты батондар шығаратын автоматтандырылған өндірістік желі іске қосылды. Ал «Жас Қанат 2006» құс фабрикасы жем дайындайтын және жұмыртқа таситын құрылғыларын жаңғыртты.  

Ақпараттандыру басқармасы басшысының айтуынша, аймақта созылып бара жатқан пандемияға байланысты шағын және орта бизнестің де электронды саудаға жүгінуі жиілеген.

«Облыстық әкімдік қазір фулфилмент орталығын іске қосуды қарастырып жатыр. Бұл орталық іске қосылса, пошталық жөнелтілімдердің көлемі артып, тауарларды жеткізу мерзімі қысқарады. Биыл «Қазпоштаның» облыстық филиалы франчайзинг нүктелерінің есебінен 25 қосымша бөлімше ашты. Электронды сауданы дамыту бойынша онлайн бақылау-кассалық машиналарын енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде 35 мың кассалық машина онлайн режімде жұмыс істейді», деді облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архив басқармасының басшысы Азамат Қашиев.

Айта кетейік, бүгінде Қостанай облысында виртуалды түрде жұмыс істеп жатқан 167 бизнес нысаны тіркелген.