• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2021

Қарағанды мен Жезқазған арасында әуе қатынасы қайта жанданды

561 рет
көрсетілді

Қарағанды мен Жезқазған қалаларының арасы 500 шақырымнан асады. Енді бұл аралықты бағындыру жолаушылар үшін оңайға түсетін болды. Өйткені қаңтардың 5-інен бастап Қарағанды-Жезқазған бағыты бойынша әуе рейсі қайта жанданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жолаушыларға қызметті  Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өтініші бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өткізген конкурста жеңімпаз болған «Qazaq Air» әуе компаниясы көрсетеді.

Аталған бағыт бойынша аптасына төрт рет қатынайтын ұшқтағы баға да қолжетімді: бұрын бір билеттің құны 12 мың теңге болса, қазір ол арзандап, 10 мың теңгені құрады.

Бұған дейін жолаушылар ішіне 30 адам ғана сыятын ЯК-40 ұшағын пайдаланып келсе, енді оларға  канадалық 76 орындық  заманауи «Bombardier Q400» әуе кемесі қызмет көрсететін болды. Мұның өзі бұрынғы 1 сағат 10 минуттық ұшу уақытын 50 минутқа дейін қысқартты.