ADAL партиясы халықпен кездесулерін жалғастыруда. Депутаттыққа үміткерлер партияның бағдарламасымен таныстырып, халықтың өтініш-тілектерін ескеруге барынша тырысып келеді.
Бизнес өкілдері, кәсіпорындар, фермерлер, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, зейнеткерлер және жастар – ADAL партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер өткізетін кездесулердің қатысушылары.
Партия белсенділері ұйымдастырған кешегі кездесуде партия мүшесі Алина Асқарова «Партия білім беру, денсаулық сақтау және бизнесте азаматтарды қолдау мәселелерін ілгерілетуге ниетті», деді жиналған қауымға.
Халықпен әр кездесу партияның сайлауалды бағдарламасын, тұрғындардың проблемалық мәселелері мен ұсыныстарын белсенді талқылаумен өтеді.
Мұндай кездесулер, мемлекет астанасы Нұр-Сұлтанда өтті. Мәжіліс депутаттығына үміткер Алина Асқарова, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Серікбол Әбжанов елорда жастарымен және кәсіпкерлерімен егжей-тегжейлі әңгімелесті.
Кездесуге қатысушылардың көпшілігі ADAL-дан бизнес мәселелерін шешуге көмектесуін сұрады.
– Карантин кезінде көптеген кәсіп іс жүзінде тоқтады. Шектеу кәсіпкерлерге зиян тигізді. Әсіресе, өз ісін енді бастағандар көп зардап шекті. Партия қиын кезеңдерде және жұмысының алғашқы жылдарында бизнесті қолдаудың тиімді шараларын алға тартса жақсы болар еді, – дейді кездесуге қатысушы азаматтар.
Алина Асқарова бұл ұсынысқа былай деп жауап берді:
– Партия бағдарламасы проблемалық несиелерге рақымшылық жасау, жеңілдетілген несие беру және басқа да шараларды қарастырады. Сонымен қатар сайлау нәтижесі қандай болатынына қарамастан, партия азаматтарды білім беру, денсаулық сақтау және бизнесте қолдау мәселелерін ілгерілетуге ниетті екенін атап өткім келеді, – деді.
Партияның басымдықтары туралы толық ақпаратты тыңдап, қатысушылар өз қолдауын білдірді.
Алина Асқарова мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Эльмира Сакалованың қатысуымен тағы бір кездесу өтті.
Елорданың белсенді еріктілері өздерінің қайырымдылық қызметі туралы айтып берді. Олар «Нұр-Сұлтан көмек қоры» жұмысы туралы сөз қозғады.
Еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік жиынтықтарын, отбасыларға заң көмегі және ауыр науқас балаларға көмек көрсету іс-шараларын өткізуде көмектеседі.
Кездесуге қатысушылар университеттерде білім сапасын арттыру, тегін білім, гранттар санын көбейту керек деген пікірлерін білдірді. Сонымен қатар олар жас- тарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету қажеттілігі туралы мәселелер көтерді.
Жалпы, тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек уақтылы жəне шынайы, сапалы болғанын қалайды. ADAL партиясының өкілдері бұл мәселені қараусыз қалдырмайтынын жəне аталған проблемалардың барлығының нақты шешімін табуына партия өз кезегінде атсалысатынын жеткізді.