• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қаңтар, 2021

Сенат Төрағасы ТүркПА бақылаушыларымен кездесті

147 рет
көрсетілді

Мәулен Әшімбаев Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының бақылаушыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы Қазақстан сайлауға бақылау жүргізу процесіне баса мән беріп отырғанын және саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін барлық тиісті шараларды қолға алғанын атап өтті.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев алдағы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауының маңызына тоқталды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы қазіргі таңда беделді халықаралық ұйымға айналып отыр. Сондықтан ТүркПА өкілдері сайлауды бақылауға қатысуының Қазақстан үшін маңызы жоғары», – деді Сенат Төрағасы.

Сондай-ақ, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің саяси жүйесін дамытуға арналған саяси реформалар топтамасы қабылданғанына назар аударды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған заңдар Қазақстанда көп партиялылықты нығайтуға және азаматтардың саяси үдерістерге қатысуын кеңейтуге бағытталған.

«Президентіміз биыл жаңа саяси жаңғырулар жарияланатынын айтты. Осылайша, Қазақстан саяси жүйені демократияландыру және дамыту бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыра береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Спикері сайлауды халықаралық нормаларға сәйкес өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын және халықаралық бақылаушыларға тиісті жағдай жасалғанын айтты.