Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтар сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 11,6% алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Олардың ішінде:Ақмола облысы бойынша – 10,2 %Ақтөбе облысы бойынша – 9,9 %Алматы облысы бойынша – 11,3 %Атырау облысы бойынша – 10,3 %Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,7 %Жамбыл облысы бойынша – 12,8 %Қарағанды облысы бойынша – 10,4 %Қостанай облысы бойынша – 11,2 %Қызылорда облысы бойынша – 10,3 %Маңғыстау облысы бойынша – 8,7 %Павлодар облысы бойынша – 14,0 %Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,9 %Түркістан облысы бойынша – 13,3 %Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 12,1 %Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,8 %Алматы қаласы бойынша – 9,7 %Шымкент қаласы бойынша – 14,4 %Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы одан кейінгі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және 20.00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де ұсынылады.