• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2021

Бюллетеньдердің 28,8% пайызы таратылып үлгерді

139 рет
көрсетілді

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда астана уақыты бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 28,8% алды, деп хабарлайды Egemen.kz ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде:Ақмола облысы бойынша – 26,6 %Ақтөбе облысы бойынша – 25,6 %Алматы облысы бойынша – 28,5 %Атырау облысы бойынша – 29,8 %Батыс Қазақстан облысы бойынша – 32,2 %Жамбыл облысы бойынша – 32,1 %Қарағанды облысы бойынша – 33,5 %Қостанай облысы бойынша – 30,1 %Қызылорда облысы бойынша – 28,9 %Маңғыстау облысы бойынша – 23,7 %Павлодар облысы бойынша – 33,1 %Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 34,2 %Түркістан облысы бойынша – 33,1 %Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 29,9 %Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,2 %Алматы қаласы бойынша – 15,7 %Шымкент қаласы бойынша – 34,1 %

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және 20.00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де ұсынылады.