• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2021

Жастарға жол бергені қуантады

554 рет
көрсетілді

Бұл сайлаудың қоғамның саяси өміріндегі маңызы ерекше. Осы жолғы енгізілген басты ерекшелік – "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда және "Саяси партиялар туралы" заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілгені болып отыр. Өз басым жастарға жол бергеніне қуанамын. Бұл олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Ең алдымен бұл сайлау әлем алдында еліміздің саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға ықыласты екенін тағы да дәделдей түседі.

Былтырғы пандемия салдарынан туындаған күрделі экономикалық дағдарыс көптеген елді қамтып, әлемдік экономикаға кері әсер еткені белгілі. Сондықтан да сайлаушылар даусы қорытындысымен партиялардан депутаттық мандат иеленетін отандастарымыз алдында дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық даму мен азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету, елдің әл-ауқатын арттыру секілді күрделі міндет тұр.

Әртүрлі партияларды біріктіріп,  ортақ мүддеге жұмылдыру арқылы саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басатын бұл бастамадан ешкім де сырттап қалмайтыны анық. Өйткені, ертеңге бағыт-бағдарымыз бүгінгі жасаған таңдауымызға байланысты.

Жандос БАЗАРТАЙ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары

жөніндегі проректоры міндетін атқарушы