Жалпы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде 532 сайлау учаскесі құрылған. Олардың 138-і Павлодар қаласында, 65-і Екібастұзда, 40-ы Ақсуда және 289-ы аудандарда. Сайлау учаскелерінде қосымша онлайн-сервис ашылды, мақсат – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша берілген ақпаратты тексереді.
Облыс орталығындағы №59 сайлау учаскесі №1 мектепте орналасқан. Эпидемиялық жағдайға байланысты сайлау учаскелерінде санитарлық қауіпсіздік сақталған.
Біз де ертеңгілікте келген кезде көргеніміздей, сайлаушылар отбасылармен бірге, ерлі-зайыптылар, көршілер, кәрі-жасы аралас қала тұрғындары келіп, сайлау тәртібі бойынша дауыстарын берді.
– Аяз да басылды, қар жауып, жылылық келді, ал біз бір-бірімізді сайлауда көріп, қуанып қалдық, – дейді қарт сайлаушылар.
Дауыс беру саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдер бойынша жүзеге асырылатыны белгілі. Осы учаскеде алғашқы болып дауыс берген зейнеткер, тыл ардагері Алевтина Березкина «Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды күн. Әр сайлау өткен сайын келіп дауыс береміз. Не үшін? Елімізде тыныштық болсын, осы мақсат үшін дауыс береміз, – дейді әжей.
Облыс орталығындағы №7 мектепте орналасқан №55 сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы Еркінбек Мәкешовтің айтуынша, тұрғындар көптеп келді.
– Біздер қатты аяз болып, кете ме деп едік, қар жауып, аяз түсіп, сайлаушыларға үйден шығуға табиғат та мүмкіндік берді, – дейді Еркін Мәкешов. – Сондықтан, сайлау жоғары дәрежеде өтеді деп сенеміз.
Ал, №28 сайлау учаскесінде Лермонтов, Нұрсұлтан Назарбаев, Павлов көшелері бойында тұратын тұрғындар дауыс берді. Сондай-ақ, кәмелет жасына толып, алғаш рет дауыс беретін 11 жас тіркелсе, ертеңгілік алғашқы болып дауыс беруге зейнеткер Дәуіт Рақымғалиевтер отбасы келді.
Сайлау учаскесінің төрайымы Тілеулес Қалиеваның айтуынша, таңғы 7-ден ашылған уақыттан бастап бірінші сағатта 50-ден аса сайлаушы келіп дауыс берген. Осы учаскеге тіркеулі 1816 тұрғынның 32-сі денсаулықтарына байланысты өз үйлерінде дауыс берді. Олардың мекен-жайына комиссия мүшелері 12-ден бастап бюллетеньді жеткізді.
Павлодар облысы