• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2021

Алты мыңнан астам байқаушы бақылады

167 рет
көрсетілді

Еліміздің Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға Жамбыл облысының тұрғындары да белсенді түрде қатысты. Облыс бойынша дауыс беруге арналған барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған. Олар қажетті ұйымдастыру техникаларымен жабдықталып, телефон байланысы мен интернетке қосылған.

Сондай-ақ Жамбыл об­лыстық сайлау комиссиясында 5 партияның филиалдарынан 206 мандатқа 523 кандидат тіркелген. Оның ішінде Nur Otan партиясынан 390 кандидат, «Ауыл» партиясынан 44 кандидат, «Ақ жол» партиясынан 44 кандидат, Adal партиясынан 31 кандидат және «Қазақстанның Ха­лық партиясынан» 14 кандидат бар. Облыстық сайлау ко­мис­сиясының мәліметінше, елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талап­тар қатаң сақталды. Сонымен қатар учаскелік және аумақтық комиссиялардың жұмысына 3,8 мыңнан астам адам қатысты. Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесін 6500-ден астам байқаушы бақылады. Оның құрамында саяси пар­тиялар мен қоғамдық бірлес­тіктердің өкілдері бар. Байқау­шылардың айтуынша, алғашқы сағаттардан-ақ азаматтар сай­лауға қатысуда жоғары белсен­ділік танытқан.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бірінші проректоры Ержан Әмірбекұлы бұл сайлау елдің саяси жүйе­сінің жаңаруын, сондай-ақ Қа­зақстанды демократияландыру мен жа­ңартуға деген ұмтылысын көр­сететінін атап өтті. Со­ны­мен қатар Байзақ ауданы Бу­рыл ауылының тұр­ғыны Үміт Башатов «Бұл кез келген азамат үшін болашақ­тың негізін қалауға үлес қо­са­тын аса маңызды оқиға. Мен Қазақстанның одан әрі да­муға жетелейтін реформалар жо­лымен жүретініне сенім­дімін», дейді. Ал Талас ауданы Қасқабұлақ ауылының тұр­­ғыны Сулхадин Мұстафаев еліміздің кез келген азаматы дауыс беруге құқылы екенін, дауыс беру арқылы тұрғындар өркендеу, ұлтаралық келісім және тұрақтылықты нығайту жолын таңдайтынын жеткізді.

 

Жамбыл облысы