«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында Нұр-Сұлтандағы №122 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кезінде барлығы не істей алатындығын мүмкіндігінше көрсетті. Бұл сайлау әділ және ашық өтеді деп сенемін. Дауыстар әділ саналады деп сенемін. Бірақ мәселе тек үміт күтуде емес, сонымен бірге біздің сайлауға қатысуымызға да байланысты. Процестің тікелей қатысушысы ретінде біз сайлауды қалаған жолмен өткізуге күш салып, өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Әрине біз өз партиямызға берілген барлық дауыстарды қорғауға мүдделіміз. «Ақ жол» партиясының Мәжіліске өтетініне күмәнданбаймын. Сонымен қатар бұл мәселеге халық, яғни сайлаушылар өз нүктесін қояды», деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.
«Ақ жол» демократиялық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына 38, ал барлық өңірдегі мәслихаттар депутаттығына 703 адам үміткер ретінде тіркелді.