• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Қаңтар, 2021

Мысырдан ұшып келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды

76 рет
көрсетілді

Мысырдан ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

2 655 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 283 адам, анықтамасыз 372 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 531 жолаушы, анықтамамен - 1 375, анықтамасыз - 156;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 124 жолаушы, анықтамамен - 908; анықтамасыз - 216.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 9 қаңтарында анықтамасыз келген 247 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.