• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қаңтар, 2021

Қазақстанның жаңа белесі

129 рет
көрсетілді

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаудың өту үдерісін бақылау үшін ТМД миссиясы аясында Ресей Федерациясының Астрахань облысынан бес, сондай-ақ Еуропадан екі байқаушы келді.

Байқаушылар халықаралық аккредитациядан өтіп, ПТР-тест тапсырыпты. Олардың пікі­р­інше, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

– Ең алдымен байқағаным – сайлауда дауыс берушілердің қауіпсіздігіне баса мән беріл­гені. Барлық учаске санитарлық құралдармен, оның ішінде қор­ғаныш экрандары, санитарлық кі­лемшелер, қол санитайзерлері, ме­дициналық маскалармен жаб­дық­талыпты. Заңбұзушылық бай­­қалған жоқ, – дейді ТМД мис­­сиясымен келген халық­ара­лық байқаушы Владимир Золо­то­копов.

ТМД миссиясының тағы бір өкілі, байқаушы Сергей Воро­нов­тың пікірінше, сайлау Қазақ­стан Республикасының заң­да­ры­на, халықаралық адам құқық­та­рын қорғау жөніндегі талап­тарға сәйкес өтті. 

– Қазақстанда халықаралық бай­қаушылардың кедергісіз жұ­мыс істеуіне барлық жағдай жа­сал­ды. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсен­ділігін бай­қадым. Бұл сайлау Қа­зақ­станның саяси-экономи­калық, әлеуметтік-рухани дамуы­ның жаңа белесі боларына сенемін, – дейді С.Воронов.