• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2021

Аққыздың аппақ мүсіні

535 рет
көрсетілді

Арқаға аты мәшһүр дәулескер күйшінің бірі – Аққыз Ахметқызы. Бұл кісі атақты Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырып, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов сынды өнер саңлақтарынан тәлім-тәрбие алған. Аққыз өз жанынан «Қайран елім», «Аққыз», «Жетім қыз» және «Қосбасар» атты күйлер де шығарған екен.

Бүгін Бал­қаш қалалық тарихи-өл­кетану музейінде күйші Ақ­қыз­дың гипстен со­ғыл­ған мү­сі­ні сақтаулы тұр. «Күйші мү­сі­ні­нің авторы – Ақтоғай  өңірінің су­ретшісі Жомарт Иб­ра­ев. Ал жә­­ді­герді мұра­жайға 2008 жылы Әб­­ді­­­рахманова деген әйел кісі тап­сыр­ған деген дерек бар», дейді му­зей­дің бас қор сақтаушысы Асыл Ихашова.

Күйші Аққыздың мү­сінін жасауға  су­ретшінің дос­тары Қажыкен Күл­­тей­байұлы мен Шәкизат Мол­дашева себепкер болған екен. Жо­март Ибраев достарының өтіні­шін қабыл алып,  мүсінді 1989-1990 жылдар ара­лығында жасап шығарған.

Күйші бюсті дайын болғаннан кейін, автор белгілі себептермен Алматыға қоныс аударған да, туыс­тары мүсіннен көз жазып қалған. Арада біраз жылдар өткеннен кейін ғана бюст табылып, музей төрінен орын алды.

 

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы