Бүгін, яғни, 14-қаңтар күні Халықаралық Түркі академиясы Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Қарабақ – Әзербайжанның жауһары: тарихы, мәдениеті, табиғаты», «Қарабақтың шынайы оқиғалары» және «Әзербайжан Халық Республикасы» кітаптарының тұсаукесер шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алқалы жиынға түркі елдерінің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық миссия басшылары, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысуда.