Антарктикадағы мұздардың еруі тізбекті реакция беруі мүмкін. Бұл Жер шарына жаңа мұз кезеңін әкеледі, деп хабарлайды Egemen.kz. Мұндай ақпаратты ресейлік РИА басылымы таратты.
Ғалымдардың айтуынша, мұздықтардың еруі тұщы суларды Атлант мұхитына біртіндеп ығыстыруда. Бұл құбылыс мұхит айналымының өзгеруіне әсер етеді. Осы өзгерістер климаттың суық болуына қауіп әкелу мүмкін.
Зерттеушілер мұздықтың еруі мен мұхит айналымы арасындағы байланыс соңғы 1,6 миллион жылдағы әр мұз дәуірінің басында болғанын анықтады.
Бұған дейін ғалымдар мұздың еруі және жаһандық жылынудың басқа салдары мұхит деңгейінің біртіндеп жоғарылауына әкелетінін ескерткен еді. Бұл болашақта адам игерген жағалау аумақтарының су басуына әсер етеді.
Рабиға НҰРҒАЛИ