Өңірде қаңтар айының ауа райы болжамына сәйкес күн жылы болады. Алайда, синоптиктер облыста қар аралас жауын жауатындығын, желдің күшейетіндігін айтып отыр. Көктайғақ болуы да мүмкін.
- Ауа райы болжамы консультативтік және синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты онкүндік, апталық, бір күндік, екі-үш күндік болжамдармен нақтыланып тұрады. Аймақта айдың екінші онкүндігінің соңына қарай күндіз -5-8 градустан +5+8 °С-қа дейін, ал түнде -10-18°С-тан -2°С жоғарылайды, - деді «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Жұлдыз Қалымбетова.