Коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін он адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтерді немістің Пол Эрих институты тексеруде, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл туралы дәрі-дәрмек қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Брижитте Келлер-Станиславский хабарлады. Оның айтуынша, мамандар бұл инциденттер мен вакцинация арасында байланыс жоқ деп санайды.
Айта кетейік, Германияда 27 желтоқсаннан бастап американдық Pfizer компаниясы мен Biontech неміс стартапының препаратымен вакцинация басталды.
Ең алдымен 80 жастан асқан адамдарға, қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлеріне, дәрігерлерге вакцина егілген. Бейсенбі күні 842 мың адам алғашқы егуден өтті.
«Біз жағдайлары өте ауыр науқастар туралы айтып отырмыз. Бүгінгі мәліметтерге сүйене отырып, біз олар вакцинациямен уақытша сәйкес келетін негізгі аурулардан қайтыс болды деп болжаймыз», деді Келлер-Станиславский.
Оның айтуынша бұл мәліметтер вакцинация науқаны аясында осы жас санатындағы өлім-жітімнің күтілетін деңгейіне сәйкес келеді.
Қайтыс болғандардың жас санаты 79-93 аралығында, сонымен қатар науқастар COVID-19 бойынша қауіпті аймақта болған.
Сондай-ақ, Пол Эрих институты алты адамның процедураға анафилактикалық реакциясы болғандығы туралы ақпарат алды.Жалпы алғанда, вакцинациямен байланысты жанама әсерлердің 325 жағдайы белгілі, олардың 51-і ауыр. Бұл жанама әсерлердің 0,53 жағдайының үлесіне және 1000 вакцинацияға 0,08 ауыр жанама әсерлерге сәйкес келеді.
Келлер-Станиславскийдің бұл мәліметтер көрсеткіштерге сәйкес және еш қауіп-қатерді төнгізбейді деп есептейді.
Аида ОРАЛБЕК