• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2021

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды

114 рет
көрсетілді

21 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Иран, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 888 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 471 адам, анықтамасыз 417 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 131 жолаушы, анықтамамен - 885, анықтамасыз - 246; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 752 жолаушы, анықтамамен - 581; анықтамасыз - 171;Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 5 жолаушы анықтамамен келді.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

20 қаңтарда анықтамасыз келген 258 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 10 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 6 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 3 жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан, тағы бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.