• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2013

Қызылордалықтар «Қазақстанның Еңбек Ері» Абзал Ерәлиевті құрметпен қарсы алды

413 рет
көрсетілді

Бүгін, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация Елбасының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған белгілі кәсіпкер, «Абзал и К» толық серіктестігінің директоры Абзал Ералиевті Қызылорда әуежайынан күтіп алды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыр жұртшылығы еңбегі елеулі азаматты гүл шоқтарымен және шашумен күтіп алды. Жерлестерінің мерейлі қуанышына ортақтасқан азаматтар шынайы тілектерін білдірді. Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жыр жолдарын арнаса, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов лебізін жеткізіп, батасын берді. Одан кейін журналистерге сұхбат берген Абзал Ералиев еңбек елдікі екенін еске салып өтті.

Жалпы, мемлекеттік награда белгілі кәсіпкерге Қазақстанның әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін беріліп отыр. Бұл ретте ол басқаратын компанияның күріш өнімділігі жөнінен облыста көш бастап тұрғанын атап өткіміз келеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар