• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2021

ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады

192 рет
көрсетілді

Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басым орталық құру басталады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаражат салуын орталықтандыру көзделген. 500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағлымдамаға жіберу ұйымдастырылады» - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ жас ғалымдарға 1 мың грант бөлінеді.

«Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басым орталық құру бойынша жоба іске асырыла бастайды», - деді ҚР Премьер-Министрі.