• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2021

Алматы дәрігерлері індет ауамен тарайтынын тағы еске салды

282 рет
көрсетілді

Алматы қаласының №32 қалалық емханасының бас дәрігері Артур Қажыбаев ӨКҚ брифингінде мегаполистегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты қала тұрғындарына бірқатар ұсыныстар айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Біріншіден, бетперде киіп, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, қолға қолғап кию. Үйге келгеннен кейін қолды жуу. Адамдармен кездескен кезде 1,5-2 метр қашықтықты сақтау қажет. Бастысы адамдар көп топтасып жиналатын жерлерге бармау керек»,  дейді Артур Қажыбаев.

«Қолғап кию өте маңызды, өйткені егер қолғапсыз қолымызда инфекция болса, біз оны байқамаймыз және автоматты түрде бетімізді қолмен ұстаймыз – солай біз тез жұқтыруымыз мүмкін. Қазіргі уақытта бетперделер ең маңызды сақтық шараларының бірі болып тұр. Адамдар бір-бірімен сөйлескен кезде инфекция ауа арқылы таралады, сондықтан қала тұрғындарына бетперде мен қолғап киген дұрыс», деді бас дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы індет ошақтары туралы ақпаратқа сәйкес, жұқтыру оқиғаларының 39,6%-ы қоғамдық орындарға; 27,5%-ы – отбасында КВИ-мен ауыратын науқаспен қарым-қатынас жасауға; 20,3%-ы – көлікпен жүруге тиесілі. Артур Қажыбаев КВИ-ден түскен адамдарды жұқтырудың себептері туралы емхана бөлінісінде хабарлады.

«Жұқтыру себептеріне келетін болсақ, алдыңғы кезекке ­– жаңа науқастардың оның алдында індет жұқтырғандардың  адамдармен қарым-қатынаста болуы шығып отыр. Екінші орынға адамдар көп жиналатын жерлерде болғандар және қонақ шақырып, қонаққа, мысалы, тойға барғандар жайғасады. Мысалы, азық-түлік дүкендерінен – 36%, қоғамдық көліктерден – 13%, базарлардан – 12%. Бұл біздің емханада бақылауға алынған 23 адамның жұқтыру оқиғалары. Көбінесе індетке шалдығу алдын алу шараларын ескермеумен байланысты болып отыр», дейді бас дәрігер.

Спикер сондай-ақ мобильді бригаданы қандай жағдайларда дереу шақыру керек деген сұраққа жауап берді.

«Егер ЖРВИ белгілері – жөтел, дене қызуы пайда болса, онда емделушіге емханаға жүгіну керек – тіркеу бөліміне қоңырау шалу қажет. Тіркеу орнында мобильді бригадаға ауыстырады, мобильді бригада келіп, қызмет көрсетеді. Ең алдымен, олар (мобильді бригада) да қоңырау шалып, жағдайына баға беріп, содан кейін келіп көмек көрсетеді. Мобильді бригада келіп, қарап, ауруханаға жатқызу қажет деген белгілерді көрсе, науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл ретте науқас 14 күн бойы бақылауда болады», деп түсіндірді Артур Қажыбаев