• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Обыр ошағын дәлдеу немесе қатерлі ісікті жаңаша диагностикалау

970 рет
көрсетілді

Бүгінде дүниенің төрт бұ­рышы онкологиялық дерттермен бірігіп күресуге мәжбүр. Қатерлі ісіктің неден пайда болатынын, асқындырмау мен алдын алу мәселелерін анықтауға әлемнің әр шалғайындағы ғалымдар мүд­делі. Медицина обыр ауруын толықтай ауыздықтап, түбегейлі жеңу үшін жасалынып жатқан жұмыстарды дәйектемес бұрын, жыл сайын елімізде 17 мың адам қатерлі ісіктердің әртүрінен көз жұматындығын айтуымыз керек.

 

Бүгінде дүниенің төрт бұ­рышы онкологиялық дерттермен бірігіп күресуге мәжбүр. Қатерлі ісіктің неден пайда болатынын, асқындырмау мен алдын алу мәселелерін анықтауға әлемнің әр шалғайындағы ғалымдар мүд­делі. Медицина обыр ауруын толықтай ауыздықтап, түбегейлі жеңу үшін жасалынып жатқан жұмыстарды дәйектемес бұрын, жыл сайын елімізде 17 мың адам қатерлі ісіктердің әртүрінен көз жұматындығын айтуымыз керек.

Соңғы деректерге көз салсақ, жыл сайын Қазақстанда 30 мың­нан астам адам осы дертке шал­дыққаны, демек, күн сайын 80 адамда қатерлі ісік бары анық­талады. Қазіргі таңда елімізде онкологиялық аурулардың элек­трондық регистрінде 140 мың адам есепте тұр.

Сондықтан өндірістің дамуымен, экологияның нашарлап, өмір сүру салтымыздың өзгеруімен дендеп кеткен дерт жеке бір елдің мәселесі бола алмайды.

Осыған орай, Қазақ онко­ло­гия және радиология ғылы­ми-зерт­теу институты «Рош» фар­мацевтикалық компаниясының қолдауымен, Cobas z480 диагнос­тикалық кешені арқылы елімізде молекулярлық-генетикалық зерт­теулерді жүргізу мүмкіндігін ке­ңейтіп отыр.

Жаңа жабдық институт зерт­ханасының базасында ісік ұлпа­ларының мутацияларына ПЦР-диагностика (полимеразная цепная реакция) жасауға мүмкіндік береді. Ал бұл қатерлі ісіктің ошақтарын гендік деңгейде анықтауды стан­дарт­тауды қамтамасыз етіп, нау­қастарға ем жүргізудің сапасын жақсартады. Дүниежүзінде қол­данылып жүрген осы тәжірибе енді Қазақстанға да келді.

Бірден айта кету керек, ПЦР-диагностика жедел әрі дәл зерт­тейтін заманауи әдіс болып табылады. Бұл әдіс қатерлі ісіктермен қатар басқа да ауру түрлерін дер кезінде анықтап және оны жаңаша емдеуге мүмкіндік бермек.

Диагностикалаудың бұл әдісі басқа да әдістермен қатар таргеттік терапияны жүргізуге жол ашады. Қазіргі медицина мамандары оны «адамзатты рактан құрқарудағы сенімдісі» деп те атап жүр.

Басқа сөзбен айтқанда, бүгінде жаңа таргеттік дәрі-дәрмектер пай­да болған, ол қатерлі ісік жа­су­шаларының ішіндегі нақты ны­санаға әсер етеді. Тarget – сөздің өзін ағылшын тілінен аударғанда «нысана» деген мағына береді.

Қалай десек те, ракты емдеудің мұндай заманауи әдісі бұрын қолданылып келген классикалық әдістерден – хирургия, сәулелі терапия мен химиялық терапияға қарағанда қағидатты түрде ерек­шеленеді. Өйткені, таргеттік пре­параттардың нақты бір қатерлі ісіктердің өзіне тікелей әсер ету тетігі бар, бұл нәтижесінде емнің тиімділігін арттырып, оның ағзаға тигізетін кері әсерлерін азайтады. Таргеттік терапия жеке жүр­гізетін медицинаға негіз бола алады. Өйткені, әрбір науқас адамның ерекшелігіне қарай оған өзіндік емдеу әдісі тағайындалуы тиіс. Адамдар әртүрлі болатыны сияқты, ауру түрлері де әртүрлі болып келеді. Сондықтан қазіргі онкологияның міндеті – барлық науқасқа көмектесу керек, бірақ әр адамға жекеше ем жүргізу қажет.

Ал Қазақ онология және радиология ғылыми-зерттеу институтында қазірдің өзінде таргеттік терапия өкпенің майда емес жасуша рагын, колоректальдық ракты, сүт безі ісігін, созылмалы миелолейкоз бен бүйрек рагын емдеуде қолданылады.

Таргеттік дәрі-дәрмектерді жасауды онкологиялық дерттерді ем­деудегі сілкініс деп те атауға болар еді. Себебі, бұл ісіктердің ұлғаюындағы көптеген шешуші тетіктерді тереңірек түсінуге ғана емес, осы ауыр дертпен күресуде арнаулы әдістерді жасауға да мүм­кіндік берді.

ПЦР – гендік деңгейде тар­геттік препараттар жоя алатын қатерлі ісіктердегі нысандарды тауып бере алады. Себебі, рак аурулары ағзада мутацияға ұшыраған гендер пайда болғанда адамның генотипінің бұзылу салдарынан туындайды.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Сүрия Есентаеваның айтуынша, жаңа диагностикалау жүйесі мутацияланған гендерді анықтап, ол өз кезегінде әрбір он­кологиялық науқасқа жеке емдеу курсын таңдап, емнің әсерін айтарлықтай жақсартуға қол жеткі­зіп отыр.

Мәселен, бұрын көптеген дә­рі-дәрмектер дерттің туындау себебіне емес, оның белгілеріне, ауру адамның жеке өзіне емес, ауруға ғана бағытталып келген.

Сондықтан да қазіргі персо­налды медицина – әлемдік фар­мацевтиканың жетекші трендтеріне қосылып отырғаны кездейсоқтық емес. Оған қоса ХХІ ғасыр – онкология ғана емес, медицинаның кез келген саласында болсын, жекелеген медицина ғасыры болып есептеледі. Айналып келгенде дәрігерлер ендігі жерде әр адамның генотипін қаперге ала отырып, ем жүргізетін болады.

– Біздің компания үшін қазақ­стандық медицина мамандары­мен іс жүзінде әріптестікке бару, әр адамға қолжетімді болу үшін денсаулық сақтау жүйесіне инновацияларды тез әрі тиімді түр­де енгізу маңызды, – дейді Қа­зақ­стандағы «Рош» өкілдігінің жетекшісі Георгий Рамишвили. – «Рош» өзінің бай тәжірибесімен және озық жаңалықтарын меди­цина мамандарымен белсенді түр­де бөлісіп келеді. Біз 20 жыл бойы Қазақстандағы науқастар үшін «Роштың» инновациялық диагностикалық технологиялары дәрі-дәрмектері қолжетімді болып, адамдардың ғұмырын ұзартудың келешегін кеңейтуге үлесімізді қосып келеміз.

Сонымен, жаңа зерттеу әдісі ПЦР зертханалардың пайда бо­луымен іске асып отыр. Дәл осы диагностикаға иек арта оты­­рып, әр науқастың керекті дәрісін та­ғайындап, оған қоса емдеу кес­тесін ықшамдап, дерт оша­ғын­­да аурудың көзі қалай жойылып жатқанын тікелей бақылап оты­руға болады. Зертханалардың мүм­кіндігі өте жоғары – бір мезетте зерттеуге 90 сынаманы қоюға болады. Қазір қолда бар Cobas аспабы мутацияның 41 түрін анық­тай алады.

Оған қоса онкологиялық проб­лемалары бар науқастарға ем жүр­гізу қадамдары да түбегейлі өзге­ріске ұшырауда – мұндай ауруға шалдыққан жандардың өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз ету алдыңғы кезекке шықты. Себебі, бұрынғы емдеу әдістерінен кейін науқастар сәулелі және химиялық терапияның кері салдарынан қиналысқа түсіп қалатын.

Ең бастысы, ПЦР зертха­на­лардың ашылуы науқас үшін де, дәрігер мен ем жүргізудің ке­лешегі үшін де ісік ауруларын диаг­ностикалаудың жаңа көкжиегін ашып отыр.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар