• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Филиппиннің «Хайян» тайфунынан шеккен зардабы 8 млрд. доллар болды

360 рет
көрсетілді

Филиппиннің орталық бөлігіндегі бірқатар аудандарды жайпап өткен «Хайян» тайфуны салдарын жоюға 8 млрд. доллар жұмсалды. Бұл туралы Филиппин президенті Бенигно Акиноның мәлімдемесіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Үкімет апаттан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіріп, ондағы халықтың тұрмысын жақсартуды қарастыратын сатылы жоба әзірлеп шығарды. Тұрғын үйлердің тұрғызылуына, инфраструктура нысандарын қалпына келтіру мен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек, білім және басқа да қажетті қызметтердің көрсетілуіне басты назар аударылатын болады» – деді Манила әкімшілігінің басшысы. Ол апаттан зардап шеккен аудандарды қалпына келтірумен қатар, оларды дамытуды қарастыратын жобаны іске асыру 2017 жылға жоспарланып отырғанын айтты.

Өткен айда Филиппинде орын алған «Хайян» тайфуны метеорологиялық бақылау тарихындағы ең алапат тайфун саналып отыр. Апаттан елдің орталық бөлігіндегі 10 мыңнан астам елді мекенде 12 миллионға жуық адам зардап шеккен. Сондай-ақ 4 миллионнан аса жергілікті тұрғын үйлері мен барлық дүние-мүліктерінен айырылып қалды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар