• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Қаңтар, 2021

Қазақстан елшісі Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесті

186 рет
көрсетілді

Екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаевтың Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында елші сыртқы саяси ведомствосының басшысын Қазақстандағы жыл басындағы саяси оқиғалар – парламенттік сайлаудың қорытындылары, ҚР Үкіметінің жаңа құрамының бекітілуі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың оның мүшелері алдына қойған міндеттері туралы хабардар етті.

2021 жылғы 15-16 сәуірде өткізуге жоспарланған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) I-ші отырысына дайындық барысы қарастырылды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы үш есе астам өсіп, 330 млн АҚШ долларынан асқаны атап өтілді.

Т. Барлыбаев Мемлекет басшысының ҚР Үкіметінің алдына қойған жаңа міндеттері аясында инвестициялар, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолжетімді тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды мәнге ие екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы боыйнша ҮАК отырысының күн тәртібін сапалы толтыру, сондай-ақ туризм және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.