Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа шектеулерге байланысты демалыс күндері қоғамдық көліктің жүруіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
«Бұл жолы қоғамдық көліктің жүрісіне қатысты ешқандай шектеу жоқ. Қоғамдық көлік демалыс күндері қатынайтын болады», деді ол.
Еске сала кетейік, Алматы қаласы «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын.