• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Қаңтар, 2021

Қазақстан - ЕО достық тобының төрағасы II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

271 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Еуропа парламентінің депутаты, «Қазақстан - Еуропалық Одақ» достық тобының төрағасы Р. Чарнецкийге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес марапатталған II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Құспан жоғары награда еуропалық саясаткерге оның Қазақстан Парламенті мен Еуропалық Парламент арасындағы тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюға қосқан қомақты үлесін мойындау белгісі ретінде берілгенін хабарлады. Оның парламентаралық ынтымақтастықты үдемелі дамытудың жаңа қуатты өзегі болған достық тобын құру жөніндегі күш-жігері атап өтілді.

Өз кезегінде, еуродепутат Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы достық қарым-қатынастарды ілгерілету жөніндегі күш-жігерін осындай бағалағаны үшін алғысын білдіріп, оларды жан-жақты нығайту үшін одан әрі жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.