• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Ақпан, 2021

Қазақстан қалыпты жағдайға қашан оралады?

1231 рет
көрсетілді

Еліміздің Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтар қашан қалыпты өмірге орала алатынын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Егер біз халықтың кем дегенде 50%-дан асатын иммундық қабатын құратын болсақ, онда біз қалыпты шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз өмірге орала аламыз», деді ол.

Дәрігер коронавирустың өте қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

«Осы жылдың соңына дейін 6 миллион доза жоспарланған. Жалпы, біз 10 миллион адамға дейін екпе салуды жоспарлап отырмыз. COVID-19 өте қауіпті инфекция болғандықтан, мен бұл жоспардың алдағы таңда іске асырылғанын қалаймын», деп қосты Қиясов.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ