• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Ақпан, 2021

Қазақстанда бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркелді

93 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз елімізде бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бір апта ішінде 3146 қылмыс тіркеліп, оның 2042-і тәулік ішінде ізі суымай ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 кісі өлтіру, 8 өлімге апарып соқтырған қасақана денсаулыққа зиян келтіру қылмысын ашты», деді Нұрділдә Ораз. 

Оның айтуынша, 2 қарақшылық шабуыл, 3 тонау, 437 бөтен мүлікті ұрлау қылмысы да әшкере болған.

Еске сала кетейік, бүгін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігі «102» мобильді қосымшасын іске қосты.