• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Ақпан, 2021

Медициналық мекемелердің КВИ-ға қарсы вакцинациялау дайындығы қандай

122 рет
көрсетілді

Өткен аптада ресейлік Sputnik-V вакциналары жеткізілді. Препарат екі компонентті, үш аптада екі рет енгізіледі. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте елорданың бас дәрігері Тимур Мұратов хабарлады.

«Халықты COVID-19-қа қарсы жаппай вакцинациялауға дайындық кезінде АМСК ұйымдарына 22 мұздатқыш қондырғы сатып алынды (температура режимі минус 18 градустан кем емес). Жабдықтар 19 ақпанда күтілуде», деді Тимур Мұратов.

Сонымен қатар, қалалық емханаларда екпелерді қоймадан вакцинация орнына дейін тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 термоконтейнер бар.