• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Ақпан, 2021

Елордада алғашқы кезеңде вакцинациялауды жүргізетін медициналық мекемелер белгілі болды

187 рет
көрсетілді

Қалалық емханалар вакциналарды қоймадан екпе салдыратын мекемелерге тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 жылу контейнерімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бастапқы кезеңде вакцинация №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханаларында жүргізіледі.

Бірінші кезеңде (ақпан) тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вакцинацияланады. Одан әрі мұғалімдер, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі және т.б. осылайша кезең-кезең бойынша барлық халық қамтылатын болады.

«Бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында егу кабинеттері, күту залдары дайындалды, онда вакцинацияланған адамдар вакцинациядан кейін 30 минут ішінде тиісті талаптарды сақтай отырып, медициналық бақылауда болуы керек», - деп толықтырды Т. Мұратов.

Сондай-ақ, Мұратовтың айтуынша, иммундау және вакцинация мәселелері бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап беру үшін "жедел желі" телефон нөмірлері бөлінген.

Сонымен қатар, вакцина салуға болмайтын жайттар да бар. Яғни вакцинаның кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық, анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар, жүктілік және бала емізу кезеңі.

Балаларға және 65 жастан асқан адамдарға вакцина салынбайды. Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.