• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Ақпан, 2021

Алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

892 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Ертең Түркістан облысының таулы аудандарында түнде көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Түркістан қаласында 2 ақпанда кей уақыттатұман болады.

2-3 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 2 ақпанда түнде және тәңертең тұман болады.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с.  Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының кейжерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде және таңертең 2 ақпанда тұман, көктайғақ болады.