• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Туризм 02 Ақпан, 2021

Ресей мен Түркияға тұрақты рейстерді ұлғайтуға рұқсат берілді

154 рет
көрсетілді

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылдың 28 қаңтарындағы шешіміне сәйкес Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапы үшін Анталья – Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылғаннан кейін, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан – Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы – Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалатын болады.

Рейстер санитария-эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.