• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2021

Ақпанда жамбылдық 5000 адамға вакцина салынады

190 рет
көрсетілді

Ақпан айының басында Тараз қаласына ресейлік «Спутник-V» вакцинасының алғашқы 1000 дозасы жеткізілді. Аталған вакцина әуелі коронавирус індетін жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болатын медицина қызметкерлеріне егілетін болады. Олардың қатарында инфекционист дәрігерлер, реаниматологтар, қабылдау бөлімі мен жедел жәрдем, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары да бар. Ал, Тараз қаласындағы №4 қалалық емханаға алғашқы 50 доза келіп түсті. Бір айта кетерлігі, вакцинация тек ерікті түрде ғана жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Вакцинаны өңірдле алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев салдырды. Олар сұхбат барысында процедураның жеңіл өткенін, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациялаудан бас тартпауымыз керектігін айтты. Ал, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, облыс бойынша вакцинация қажетті тоңазытқыш құралдарымен жабдықталған 20 егу бөлмесінде жүргізілетін болады. Олар Тараз қаласындағы 9 емханада, Шу қаласы және облыстағы 10 ауданның емдеу мекемелерінде жүзеге асады. Ол үшін 140-тан астам маман арнайы оқудан өткен. Вакцинация процесі денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қатаң бақылауында болады. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог дәрігері Олжас Кенжебаев вакцина салдыруға өз еркімен келгенін жеткізсе, Жамбыл облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі Мәриямкүл Құлатаева вакцина салдыру керектігін айтты.

Штаттан тыс бас эпидемиолог Гули Мырзабекованың айтуынша, ақпан айында вакцинаны 5000 адам қабылдайды. Жалпы, бірінші жартыжылдықта 100 мың жамбылдыққа вакцина егу жоспарланған. Ал, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін отандық QazCovid-in препаратымен вакцинациялау басталады. Жалпы, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 18-64 жас аралығындағы облыс халқының 52 пайызын вакцинациялау жоспарлануда.

 

Жамбыл облысы