• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 02 Ақпан, 2021

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

137 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстарының барысы жайында баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғарғы сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қолданысқа енгеннен кейін соттар мемлекеттік құрылымдарға қойылатын талаптарды әлемдік әкімшілік әділет жүйесіне сәйкес «мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы» принципімен қарастыра бастайтынын жеткізді.

Жақып Асановтың айтуынша, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Мемлекет басшысы аталған Кодекс күшіне енген күннен бастап соттар жаңартылған алгоритм негізінде, қазақстандық сот төрелігі үшін тың тәсіл бойынша жұмыс істеуге дайын болады деп сенетінін айтты.

Президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.