• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2021

Алматыда 20-ға жуық көлік өртенді

154 рет
көрсетілді

Алматыда ТЖО-да өрт кезінде 20-ға жуық көлік өртенді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, өрт Сәтпаев көшесіндегі №139 үйде болған. Өрт туралы хабарлама 2 ақпанда сағат 21.52-де Алматы ТЖД кезекшісінің пультіне келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта ТЖО ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Өртті сөндіру кезінде жарылыс болған. 

Т. Уәлидің айтуынша алдын ала есептеулерге сәйкес 20-ға жуық көлік өртенген. Жылу әсерінен 4 көлік зақымданған. Тағы 15 көлік эвакуацияланды. Шамамен 600 шаршы метр жер өртенді. Ал ғимараттың жалпы аумағы - 1300 шаршы метр.

«Сағат 23.09-да өрт ауыздықталып, сағат 23.47-де сөндірілді. ТЖО-ның қасында орналасқан жанармай құю бекетіне (оңтүстік жағында) өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр», деді ол.