• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Ақпан, 2021

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

100 рет
көрсетілді

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте ел аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Сауд Арабиясы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

1816 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 625 адам, анықтамасыз 191 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 489 жолаушы, анықтамамен - 1 300, анықтамасыз - 189;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 322 жолаушы, анықтамамен - 320; анықтамасыз - 2;

Павлодар қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 1 ақпанында анықтамасыз келген барлық 133 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.