Маңғыстаудағы Ақшұқыр ауылында қаңғыбас иттер көмілген жер табылған. Қолқа алып, қоғам наразылығын тудырған жер үшін жергілікті шенеунік жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Inaktau.kz хабарлағандай, ауыл әкімшілігінің жануарлар өлексесін жоюға жауапты маманына сөгіс жарияланды.
Қазір бұл орын толық зарарсыздандырылып, иттердің өлексесінен тазаланды деп хабарлады әкімдіктегілер.
Бұған дейін эколог Кирилл Осин Ақшұқыр ауылының жанынан қорқынышты шұңқыр табылғандығы туралы жазған еді. Оның айтуынша, шіріген жануарлардың «үйіндісі» инфекция ошағына айналуы мүмкін және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету ережелеріне қайшы келеді.
Аида ОРАЛБЕК