• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Ақпан, 2021

Қазақстанда коронавирустың «британдық» штаммы анықталған жоқ

90 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирустың «британдық» штаммы анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министрдің айтуынша, коронавирус штамдарын анықтау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр.

«Күні кеше ғана нәтижелерді нақтылау жүргізілді. Қазіргі уақытта оларға сараптама жасалып жатыр. Қазақстан аумағында анықтау жұмыстары жүргізілген генотиптердің арасында «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамм анықталған жоқ», деді ол.