• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Ақпан, 2021

Жол апатынан 2 фельдшер қайтыс болды

1088 рет
көрсетілді

Өскемен-Семей тас жолында жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz

3 ақпан күні сағат 19:25 шамасында 29 жастағы Daf жүк көлігінің жүргізушісі Семей бағытында келе жатып, қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты көлікті басқара алмай қалады. Ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жедел жәрдем автокөлігімен соқтығысқан.

Нәтижесінде, 1972 және 1979 жылғы жедел жәрдем көлігінің екі жолаушысы жарақаттанып ЖКО орнында қайтыс болды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысықты Полиция департаментінің баспасөз өкілі.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ