«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өткен жылдың желтоқсанына дейін Павлодар стансасынан Новосібір стансасына (РФ) тағайындалған салмағы 41 тоннаға дейінгі 20 футтық ірітонналық контейнерлерге алюминий тиеуді және қабылдауды келісті.
«Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ – әлемдік нарықта жоғары бәсекеге қабілеттігімен ерекшеленетін Қазақстандағы алғашқы алюминийді өндіруші, салмағы 36 тонна болатын инновациялық 20 футтық контейнерлерде өз өнімдерін тасымалдауды үйлестіру туралы өтінішпен Ұлттық тасымалдаушыға жүгінді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жүктерді орналастыру мен бекітудің барлық техникалық талабы сақталғанда және тасымал жоспарының болуы жағдайында рұқсат етіледі.
Зауыттың барлық өнімі клиенттерге теміржол көлігімен жеткізіледі. Компания жүктерінің шамамен 90%-ы темір жолда контейнерлермен тасымалданады. Компанияның кірме жолдары жүк операцияларын өндіруге және контейнерлерге қызмет көрсетуге арналған.
– Бүгінде темір жол бойынша контейнерлік тасымал көлемі оң қарқын көрсетуде. Біз жүктерді тасымалдаудағы жүк жөнелтушілердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін тасымалдың осы түрін дамытуға дайынбыз, деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.
Тасымалдың айтарлықтай көлемі мен алыс қашықтыққа контейнерлерді пайдалана отырып, жүк жөнелтуші көліктік шығындарды төмендетеді және өнімдерді жеткізу уақытын қысқартады, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметі.